kz

RU
KZ
Саян Хамитжанов: Өзімнің және бүкіл клубтың атынан «Ордабасыға» «Пюникпен» матчта сәттілік тілеймін
15 там 2024

«Астана» футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов елордалық команданың румыниялық «Корвинулды» жеңісі жайында пікірімен бөлісіп, «Ордабасыға» «Пюникпен» кездесуде сәттілік тіледі: 

– Кеше алматылық «Орталық» стадионға келген жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар әдемі атмосфера жасады. Әрине, «Астана Аренадағы» төл трибуналарымызға жетпейтіні белгілі, бірақ соған қарамастан, біз Алматыдағы трибунаның ерекше қолдауын сезіндік. 

«Корвинулды» сенімді жеңдік деп босаңсудың қажеті жоқ – алда плей-офф раундында өте қиын сынақ күтіп тұр.

«Ордабасы» бүгін кездесу өткізеді. Еуропада бәріміз бірге ел намысын қорғап жүргендіктен, бүкіл ел шымкенттік клубты қолдайтынына сенімдімін. 

Өзімнің және бүкіл клубтың атынан «Ордабасыға» «Пюникпен» матчта сәттілік тілеймін. Алға, Орда!

Бас серіктес