kz

RU
KZ
Саян Хамитжанов: «Астана» «Челсиге» қарсы лайықты ойын көрсетеді деп сенемін
11 жел 2024

Алматыдағы «Орталық» стадионда 12 желтоқсанда «Астана» клубы лондондық «Челси» командасын қабылдайды – бұл Қазақстан футболы тарихындағы жылдың ең маңызды матчы екені рас. Осы ойын қарсаңында клуб басшысы Саян Хамитжанов алдағы матч туралы пікір білдірді:

 

«12 желтоқсан – қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен мереке, бұл биылғы маусымның нүктесін қояр ойын болмақ. Әрине, «Астананың» демалуға уақыты жоқ, алда тағы да «АПОЕЛ» командасымен кездесу бар, бірақ Қазақстанда, өз жанкүйерлеріміздің алдында, «Челсиге» қарсы ойын – бұл 2024 жылғы соңғы матчы. Мен осы жылы еурокубоктардың негізгі кезеңіне өтіп, еуропалық футболдың алып командасын – Премьер-Лигада «Арсенал», «Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» командаларынан жоғары екінші орында тұрған «Челсиді» Қазақстанға әкелгеніміз үшін командамызға мақтанамын.

 

Алматыдағы матчқа Республиканың түкпір-түкпірінен және жақын елдерден жанкүйерлердің келетіні белгілі. Бұл футболдың Қазақстандағы орасан зор әлеуметтік әсерін тағы бір рет көрсетеді.

 

Ойынға келетін болсақ, команданы өте ауыр матч күтіп тұрғаны түсінікті. Чемпионат аяқталғаннан бері бір айдан астам уақыт өтті, ал соңғы матчымыздан бері екі апта уақыт өтті. Осыған қарамастан, жаттықтырушылар штабының команданы алдағы ойынға дайындау қаншалықты қиын болғанын түсінеміз. Бірақ біздің командамыз талай рет кез келген қиындықты еңсеріп, күрделі сәттерде мінез көрсете алатынын дәлелдеді. Біз «Астана» «Челсиге» қарсы лайықты ойын көрсетіп, жанкүйерлерді әдемі ойынымен қуантады деп сенеміз. Өз тарапымыздан осы желтоқсан кешінде трибуналардың қолдауына зор үміт артамыз!».

Бас серіктес