«Астана» футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов «Тобылмен» кездесу жайында ойын ортаға салды:
• «Тобылды» лайықты жеңісімен құттықтаймын! Нұрбол Жұмасқалиев пен оның командасына еурокубок ойындарына қатысу жолындағы додада табыс тілеймін. «Астана» аяқдопшыларына қостанайлықтармен өткен ойында эмоционалды жағынан да, физикалық тұрғыда да сергектік жетіспеді деген ойдамын. Мұндай тығыз ойын кестесінде алаңға шығып, өнер көрсету командаға өте қиынға соққан жайы бар.
• Турнирдің аяқталуына бір кездесу ғана қалды. Сіз команданың чемпиондық үшін күресті жалғастыратынына сенесіз бе?
• Біз осы маусымға арналған тапсырманы толық орындадық деп санаймын: еурокубокта плей-оффқа жетуді мақсат тұттық, оны асыра орындап, негізгі кезеңге шықтық, алда «Челсимен» ойнаймыз, осылай қазақстандық футбол жанкүйерлеріне үлкен сыйлық жасаймыз. Ел чемпионатында биылғы маусымды сырт алаңда өткізгенімізді ескере отырып, еурокубокқа жолдама алу үшін үштікке ену міндетіміз еді, қазір турнир кестесінде екінші орында тұрмыз, сонымен қатар Лига кубогының финалына шықтық. Сондықтан маусымға арналған тапсырма толығымен орындалды деп айтуға болады. Биыл «Қайраттың» жетпіс жылдығы, чемпион болуына сұранып тұрғандай-ақ, осы мақсатқа қол жеткізсе риясыз қуанамын және келер жылы Чемпиондар лигасында жанкүйер болып, еурокубоктың жалпы кезеңіне жетуіне тілек білдіремін. Жалпы алғанда, алда чемпионаттың соңғы кездесуі, жігіттер алаңға әдемі ойын көрсету үшін шығады, жеңіс үшін таласады. Ал чемпион болуға кім лайық екені бір Жаратушыға мәлім.