22 жастағы шабуылшы Семир Смайлагич «Астана»футбол клубымен еңбек қатынастарын ресімдеді.
Шабуылшы Босния мен Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасында, сондай-ақ словениялық «Горица», босниялық «Слобода», «Младость» және «Сараево» командаларында өнер көрсету тәжірибесі бар.
Түркиядағы жиындарда ол елордалық команда сапында «Чайка» мен «Торпедоға» қарсы ойындарда көзге түсіп, үш матчта 2 гол соқты.