«Астанаға» қарсы кездесу алдында «Динамо Брест» командасының бас бапкері Сергей Коальчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Біз Қазақстан чемпионына қарсы ойынды асыға күтудеміз. «Астана» - еурокубоктердегі тәжірибесі өте мол, мықты қарсылас. Алайда, бұл кездесудің тағдыры бір ойынның қорытындысында шешіледі. Біз өкінішке қарай, өз алаңымызда жанкүйерлерсіз ойнауға мәжбүрміз. Дегенмен, келесі кезеңге өту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз. Келесі кезеңге өтетін мүмкіндігіміз 50 де 50 деп ойлаймын.