kz

RU
EN
KZ
Саян Хамитжановтың құттықтауы
«Астана» ФК Бас директорының кеңесшісі Саян Хамитжанов елордалық команданы 7 дүркін чемпион атануымен құттықтады:
06 қар 2022
  • Біздің үлкен әрі тату ұжымды – ойыншыларды, жаттықтырушыларды, команда қызметкерлерін және клуб әкімшілігін, футбол орталығында тәрбиеленетін балалардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймын! Маусым бойы командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізді ерекше құттықтағым келеді! Еліміз бойынша он мыңдап саналатын жанкүйерлеріміздің жарқын эмоцияларына қосыламын!

 

  • Саян Жақсыгелдіұлы, клубқа маусымның аяқталар кезінде келдіңіз. Осы чемпионатқа қосқан үлесіңізге қандай баға бересіз?

 

  • Менің үлесім азғантай деп есептеймін. Чемпионаттағы жеңісіміздің 50 пайызы – Ералы Тоғжановқа (клубтың экс-кураторы), Тастанбек Есентаевқа, қазіргі команданы жасақтаған адамдарға, әрине жаттығуда аянбай тер төккен әрі әр кездесуде клубтың намысы үшін күрескен ойыншыларымыздың өздеріне тиісті деп ойлаймын. Ал 30 пайызы – Григорий Бабаян басқаратын жаттықтырушылар штабының үлесі. Кем дегенде 15%-ы – әрқашан командаға қолдау көрсете білген жанкүйерлеріміздің арқасы, олардың қызу қолдауы мен ерекше ықыласын Қарағандыда көрдік! Менің қосқан үлесім 5 пайыздан аспайды. Чемпионаттағы тағы бір жеңісісізбен баршаңызды құттықтаймын! Алға, Астана!
Бас серіктес