kz

RU
KZ
Қайғырып көңіл айтамыз…
27 қаз 2024

Бүгін таңертең «Астана» футбол клубының үлкен отбасында қайғылы жағдай орын алды. 

Клубтың бір топ жанкүйері «Астана» - «Ақтөбе» матчы өтетін Алматы қаласына барар жолда жол-көлік оқиғасына тап болды.

Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, ал үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр.

«Астана» футбол клубы Нұрланның туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, қабырғасы қайыса көңіл айтады. Ардақты азаматтан қапыда айырылып қалып, орны толмас өкініш өзегімізді өртейді. Нұрланның иманы саламат болсын! Жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады.

Сондай-ақ ауруханаға түскен Жандар Бірлікұлы, Сырым Жарылқасын мен Айбек Сәкеновке тез арада сауығып кетуіне тілек білдіреді.

Бас серіктес