kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич: «Лебон екінші рет гол соғып, бізге маңызды жеңіс сыйлады»
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Мақтааралға» қарсы ойын нәтижесіне тоқталды.
01 қыр 2022

– Ең бастысы, жартылай финалға өттік, мен бұған өте қуаныштымын. Тағы бір қиын матч болды, бұл «Мақтааралмен» соңғы кездесуімізге ұқсас ойын болды, бірақ ол кезде біз 61-минутта гол соғып, әрі қарай жеңілдеу өткен еді. Бірақ бүгін жолымыз сәтті болмады. Жақсы мүмкіндіктер көп болғанымен, жеңіске үміткер команда ретінде, есеп ашпасаңыз, ойын аяқталар сәт жақындаған сайын қобалжу пайда болады. Олар қарсы шабуыл жасаған бір сәтте біздің жолымыз болғанын айту керек, ал қалған уақытта біз матчты өз бақылауымызда ұстадық. Лебонның тағы да гол соғып, біз үшін маңызды жеңіс сыйлағанын мойындаймын. Жігіттерді жеңісімен құттықтаймын! Ойыннан кейін келесі ойынды, жаттығудан кейін қайта жаттығуды жалғастырамыз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес