kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич: «Біз барымызды салып, ойынды өз бақылауымызда ұстадық»
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Ақсуды» жеңген матчта команданың ойынына өз бағасын берді.
20 мау 2022

– Командамды жеңісімен құттықтаймын. Артық сөздің қажеті жоқ, ойын есебіне қарасаңыз бәрі де түсінікті. Жігіттердің ойынына ризамын, әсіресе бірінші таймда жақсы ойын болды: бар өнерін ортаға салды, ойынды өз бақылауында ұстады – футболшылардың біріккен әрекеті арқасында әдемі гол соқты. Ойынның нәтижесі көңілді қуантады, бірақ Абат Айымбетов пен Талғат Құсяповтың жарақат алғаны алаңдатады. Бұл менің кездесуден алған басты әсерім деуге болады.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес