– Мен өз командамның және «Тұранның» ойыншыларына алғыс айтқым келеді, өйткені бүгін ауа райы құбылмалы болды. Алғашқы 20 минутта біз бір ойыншысыз қалдық, екінші таймда кейбір ойыншылар ауа райы жағдайына шыдай алмады, бірақ қалғандарыны шағым айтпады. Алда да солай болады деген сенімдемін, ойыншылар жарады. Лайықты нәтиже, бірінші таймда «Тұранның» есеп ашар мүмкіндіктері көбірек болды, ал біз болсақ гол өткізіп алғаннан соң ойынға бейімделіп, есепті теңестірдік.
– Трансферлік кезеңнің жабылуына екі күн қалды. Жаңа ойыншылар тарту жоспарда бар ма?
– Мен бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Жауап бір - бұл сұрақты маған емес, басшылыққа жолдаңыздар. Менің ойлағаным бар, бірақ бәрі маған емес, клуб пен басшылықтың мүмкіндіктеріне байланысты. Ал жаңа келісімшарттар бола ма, болмай ма, ол жағын білмеймін.
Клубтың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ