Сербия жастар құрамасының экс-қорғаушысы Урош Радакович «Астана» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды.
Урош Қазақстанның алты дүркін чемпиондары сапына чехиялық «Спартадан» жыл соңына дейін жалға алу келісімі негізінде ауысты.
Радакович кәсіби мансабын «Пролетер» (Сербия) командасы сапында бастап, одан кейін Италияға аттанып, ол жақта «Болония» мен «Новара» клубтарының намысын қорғаған. 2015 жылы чехиялық «Сигма» қатарын толықтырып, ол жақта 3 жыл өнер көрсетіп, артынша «Спартаға» ауысты.
Урош прагалық клуб сапында 34 ойын өткізіп, еурокубоктік кездесулер аясында екі гол соқты.
26 жастағы қорғаушы өткен маусымды Ресей Премьер-Лигасының өкілі «Оренбург» сапында жалда өткізді.
Радакович Сербияның барлық жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған.
Ол «Астана» сапында төртінші нөмірмен өнер көрсететін болады.