Елорда командасы жасаған ұсынысты қалай қабылдағанын және өз алдына қандай мақсаттар қоятынын Урош клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтып берді:
- «Астана» өз алдына өте жоғары мақсат қоятын, ең титулды клуб болған соң осы командаға ауыстым. Оған қоса, «Астана» сапына қосылу - Чемпиондар Лигасында ойнауға мүмкіндік береді. Бұл кез-келген футболшының арманы деп ойлаймын.
- Біздің елге ауысқанға дейін Қазақстан туралы не білдіңіз?
- Шынымды айтсам, сіздердің елдеріңіз туралы көп біле бермеймін. Бірақ, мен 2010 жылы Сербия жасөспірімдер құрамасымен бірге Астанаға келіп, «Астана Аренада» ойнаған болатынмын. Ол кезде қала маған қатты ұнаған еді.
- «Астана» құрамында бұрыннан таныс футболшылар бар ма?
- Ешкімді жекелей танымаймын. Дегенмен, мен Ненад Эричпен сөйлесіп үлгердім. Ол клуб туралы, командадағы атмосфера туралы көп жақсы дүниелер айтты. Команда сапында балқандық ойыншылар бары қуантады. Олар менің тезірек бейімделуіме көмектеседі деп сенемін.
- Сіз «Оренбург» сапында «Астана» футбол клубының экс-шабуылшысы Джордже Деспотовичпен бірге ойнадыңыз. Ол клуб туралы Сізге айтты ма?
- Иә, мен шынында Деспотовичпен бірге ойнадым. Біз «Астана» туралы сөйлестік. Оның айтуынша, бұл жақсы клуб, онда жұмыс жақсы ұйымдастырылған, барлық жағдайлар жасалған, сізге әрдайым көмектесуге дайын адамдар жұмыс істейді. Ол «Астана» туралы көп жақсы дүниелерді айтып берді.
- «Астана» сапындағы ойыныңыздан не күтесіз?
- Менің ойым клубтың ойымен сай келеді деп ойлаймын. Мен клуб құрамында трофейге қол жеткізіп, өз күшімді Чеспиондар Лигасы немесе Еуропа Лигасының топтық кезеңінде сынап көргім келеді. Осы жылы бұл жетістікке қол жеткізу оңай болмасы анық. Бірақ, ол біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін. Ойыннан ойынға өз мақсатымызға жетуге тырысамыз.