Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян «Астана» футбол клубына қабылданып, еңбек келісіміне қол қойды.
Вараздат «Пюниктің» тәрбиеленушісі болып табылады, оның құрамында үш рет Армения чемпионатын және бес рет Ел Кубогын жеңіп алды.
Туған клубындағы қызметінен соң, «Падидех»құрамында Иран чемпионатына қатысып, «Урал»мен «Тамбов» үшін 60 астам матчта ойнаңан Ресейде де болып келді.
28 жастағы қорғаушы өз бас болып Ұлттар Лигасының алты матчының үшеуінде өз командасын алға шығарған Армения құрамасының вице-капитаны. Өз елінің құрамасы үшін барлығы 55 матчта ойнап, 2 рет көзге түскен.
Ароян бұдан бұрын, 2014 жылы «Пюник» құрамында Еуропа лигасының квалификациясында «Астанаға», ал 2017 жылы Армения құрамасының құрамында Қазақстан құрамасына қарсы ойнап «Астана Арена» ойын алаңын 2 мәрте сынап көрген.