50 жастағы ресейлік футбол жанкүйерлері арасында «Спартак» және Ресей құрамасы сапында көрсеткен өнерімен танымал.
Ол «ақ-қызылдар» сапында 8 рет Ресей чемпионы атанды. Тихоновтың мансабында мәскеулік клубтан кейін «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) және «Локомотив» (Астана) клубтары болды.
Андрей Валерьевич біздің клуб тарихындағы алғашқы капитан. 2009 жылы чемпионаттың үздік ойыншысы атағын жеңіп, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленіп, ұзақ уақыт бойы клуб тарихындағы ең үздік ассистенттер тізімінде болды.
Тихонов ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар», «Енисей» және «Крылья Советов» клубтарында қызмет атқарды.