kz

RU
EN
KZ
Юрий Логвиненко «Астана» командасының құрамынан кетті
31 қаң 2021

Келісімшарттың аяқталуына байланысты  «Астана»  қорғаушысы  Юрий Логвиненко  құрамнан кетті. 

Юрий елордалық клубтың құрамына 2016 жылдың маусымы алдында ауысып келді, командамен 143 матчта ойнап, онда 15 гол соғып, гол соғылған  5 лақтырыс жасады.

Логвиненко «Астана» командасымен  бірге Еуропа Лигасының 4 топтық кезеңіне, сондай-ақ осы турнирдің 1/16 финалына қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатында 4 рет жеңіске жетіп, ел тарихындағы ең атақты футболшы атанды (8 чемпионат), сондай-ақ Қазақстан Кубогы мен үш рет Суперкубогын жеңіп алды.

«Астана» футбол клубы  Юрийге командаға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді және мансабын сәтті жалғастыруды тілейді.

Бас серіктес