Елорда командасының еурокубоктердегі қарсыласы туралы және өзінің денсаулық жағдайы жайлы Черногория құрамасының және «Астана» футбол клубының қорғаушысы Жарко Томашевич айтып берді:
- Мен «Буднучность» командасы туралы көп біле бермеймін. Енді олардың ойындарын қарайтын боламын. Олар өткен жылы чемпион атанды және жақсы ойнады. Алайда, осы маусымды нашар бастады. Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде жеңіліп, чемпионат аясында өткізген үш ойынның бірінде ғана жеңіске жетті. Ойынның Қазақстанда өтуі, бізге басымдық береді деп ойлаймын. Себебі, оларға алыс жолды артқа тастап, уақыт айырмашылығына үйрену қажет болады.
- Сен жақында тағы жарақат алып қалдың. Қазіргі жағдайың қалай?
- Қазір өзімді жақсы сезініп жатырмын. Бірақ маған толықтай жаттығу жұмыстарына оралу үшін аздаған уақыт қажет. Алдағы үзілістен кейін дайын боламын деп үміттенемін. Алайда маған абай болған жөн. Өткенде барлығы тез өтіп кетті, ешқандай жаттығу жасамастан, 3 күнде екі ойын өткізуге тура келді.