kz

RU
EN
KZ
Әлинұр Ғабиденұлы: «Турнир өте қызықты өтті»
10 жел 2020

«Футбол достық үшін» халықаралық балалар әлеуметтік бағдарламасын «Газпром» ЖАҚ 2013 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама өткен жеті маусымда 6 мыңнан астам қатысушыны біріктіріп, 5 миллионнан астам жақтаушыны өз қатарына қосты. 2020 жылғы фестиваль онлайн режимде өтті.

Өткен жылғыдай аталмыш жарысқа «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Соның бірі Әлинұр Ғабиденұлы өзінің халықаралық командасы сапында турнир жеңімпазы атанды. 

Ярослав Сеттаровтың қол астында жаттығатын елорда футбол орталығының шәкірті жарыстан алған әсері туралы «Астана» футбол клубының ресми сайтына берген сұхбатында айтып берді:

- Турнир өте қызықты өтті. Бұл турнир бізге көптеген әсерлі сәттер сыйлап, басқа елдерден достар табуға көмектесті, жарыс жағымды әсер қалдырды. Бізбен әрдайым байланыста болып, сенім артып, ерекше қолдау көрсеткен кураторымыз Ирина Сахароваға ерекше алғыс білдіргім келеді. Ол маған көп нәрсені үйреткен, өте позитивті адам. Ең есте қаларлық сәттердің бірі - «Футбол достық үшін» жобасының елшісі Роберто Карлоспен онлайн кездесу болды. Осындай маңызды және ерекше іс-шара үшін фестивальдің барлық ұйымдастырушылары мен демеушілеріне рақмет айтамын.
- Сен «Футбол достық үшін» жобасының 8 жылдық тарихындағы жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық атандың. Қандай әсердесің?
- Мен осы турнирде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық ойыншы атанғаныма өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік сыйлаған команда мүшелеріне, жаттықтырушыларға алғыс айтамын! Қазақстандық футболшылардың, олардың қатарында мен де болашақта ел намысын жоғары деңгейде танытқанын қалаймын.
- Әлемдік футболдағы кумирің кім және қандай арманың бар?
- Менің кумирім – Кевин Де Брюйне. Ал басты арманым - Қазақстан құрамасы сапында Әлем Чемпионатын жеңіп алғым келеді. 

Бас серіктес