kz

RU
KZ
«Астана» футбол клубының бірқатар бапкерлері оқуға аттанды
13 қыр 2023

«Астана» футбол орталығының 7 бапкері Алматы қаласында халықаралық деңгейдегі біліктілікті арттыру курсын оқып жатыр. Курс соңында УЕФА-ның A және B санатындағы лицензияға ие болады. Атап айтқанда:


А санатындағы лицензия – 2008 жылғы ұлдардың бапкері Қайрат Тоқсанбаев;

В санатындағы лицензия:

  • 2007-2008 жылғы қыздардың бапкері Махаббат Досжанова;
  • 2011 жылғы ұлдардың бапкері Жоламан Табиғат;
  • 2012 жылғы ұлдардың бапкері Әлнұр Оразалинов;
  • 2005-2006 жылғы қыздардың бапкері Ирина Саратовцева;
  • Қақпашылар бапкерлері Ринат Айбатов пен Денис Овсянников.

 

Футболдан балалар мен жасөспірімдер бапкерлеріне берілетін УЕФА-ның лицензиясы үш жылға жарамды. Болашақта ел намысын қорғайтын мықты аяқдопшыны тәрбиелеу жолында бапкердің еңбегі ерен десек, олардың уақыты біліктілігін арттырып, білімін шыңдау Клуб басшылығы үшін әрдайым маңызды.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес