kz

RU
EN
KZ
Жанкүйерлер Томасовты сәуір айының үздік ойыншысы деп таныды
05 мам 2021


«Астана» сәуір айында керемет нәтиже көрсетті. Елордалық команда 6 матчтың 5-інде жеңіп, тек «Тобылмен» 1:1 есебімен тең түсті.
Бұл нәтижеге Марин Томасовтың қосқан үлесі зор болды. Елордалық команданың «ондығы» 6 матчта 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Әрине мұндай керемет ойын жанкүйерлер тарапынан да кең қолдауға ие болды. Олар сәуір айында «Астананың» үздік ойыншысын анықтаған сауалнамада Томасовқа 1-ші орынды берді. 
Сауалнамадағы 2-ші орынды Абзал Бейсебеков иеленді. Команда капитаны қорғаныс шебін берік ұстап, керек кезде маңызды голдар да соқты. Нәтижесінде сәуір айындағы 6 матчта 3 гол соғып, сауалнамада екінші орын алды.
Үздік үштікті Тигран Барсегян түйіндеді. Армения құрамасының жартылай қорғаушысы сәуір айында 3+1 деген нәтиже көрсетті.
Сонымен сәуір айындағы «Астананың» үздік 5 футболшысы:
1. Марин Томасов 55%
2. Абзал Бейсебеков 13%
3. Тигран Барсегян 10%
4. Абат Айымбетов 9%
5. Валерий Чуперка 5%

Бас серіктес