Бүгін, 26 қазан, «Астана» футболдан Қазақстан Чемпионатының 15-ші туры аясында «Оқжетпеске» қарсы ойнайды.
Бұл ойында елорда командасының бас бапкері Андрей Тихонов негізгі құрамның алты ойыншысына сенім арта алмайды.
Жарақаттарына байланысты қорғаушы Лука Шимунович, жартылай қорғаушылар Дорин Ротариу, Иван Маевский, Рунар Сигурьонссон, сондай-ақ, шабуылшы Пиерос Сотириу аталмыш кездесуге қатыса алмайды.
Және де көкшетаулықтарға қарсы ойынға сары қағаздар санының көптіге байланысты Евгений Постников қатыспайды. «Оқжетпес» - «Астана» арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-да. Ойынның тікелей көрсетілімі qazsporttv.kz сайтында жоспарланған.